Еліміз бойынша 4,5 млн га аумақта дәнді дақыл жиналды

2462

Бүгінде егін жинау жұмыстары республиканың барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр.

Еліміз бойынша 4,5 млн га аумақта дәнді дақыл жиналды

АШМ мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары егілген аумақ көлемі – 22,2 млн га (2018 ж. деңгейден 206 мың га немесе 0,9%-ға артық) құрайды. Дәнді дақылдар – 15,4 млн гектар (оның 11,4 млн гектары – бидай), майлы дақылдар 2,9 млн гектар алаңда, мақта – 131,1 мың гектарға, қант қызылшасы – 19,6 мың гектарға, картоп пен көкөніс-бақша дақылдары – 452,4 мың гектарға, азықтық дақылдар – 3,3 млн гектарға егілген.

Жамбыл (99,6%) және Түркістан (100%) облыстарында дәнді дақылдарды жинау аяқталу сатысында. Бұл өңірлер бойынша астық түсімі орта есеппен 19 ц/га құрады. Жалпы еліміз бойынша 4,5 млн га аумақта дәнді дақылдар жиналды – 22,8%. Орташа түсімділігі 11,5 ц/га болғанда 5,2 млн. тонна астық бастырылды.

Егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін қажетті 395 мың тонна жанар-жағар май бөлінді (ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін орташа бағасы 179 теңге/литр). Орташа орындалу пайызы – 50%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу