Еліміз бойынша Отбасы күніне арналған апталық басталды

219

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.  

Еліміз бойынша Отбасы күніне арналған апталық басталды Фото: almaty.tv

Қазақстанда Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бір апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.

Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде "Отбасымыздың бір күні" ұранымен жалпыұлттық челленджі өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу