Еліміз күнбағыс майының жартысынан астамын экспорттаған

361

Экспорттың негізгі 3 бағыты бір жылда өзгере қоймады.

Еліміз күнбағыс майының жартысынан астамын экспорттаған Фото: inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, қаңтар-шілде аралығында шетелге 189,7 мың тонна күнбағыс майы сатылды. Бұл елдегі барлық көлемнің 54,4%-ы, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Экспорттың негізгі 3 бағыты бір жылда өзгермегенімен, бұл елдерге жіберілген көлем айтарлықтай артқаны байқалып отыр.

“Қытайға – 81,5 мың тонна (+48,2 мың тонна), Өзбекстанға – 69,9 мың тонна (+26 мың тонна); Тәжікстанға – 27,4 мың тонна (+12 мың тонна) күнбағыс майы жіберілді. Бұл экспорт көлемінің 95%-ын құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75% болған“, - деп хабарлады DataHub.

Ақпаратқа сәйкес, негізгі  сатып алушылар тізімінен Түркия мен Ауғанстан жоқ. Десек те, жалпы көрсеткіш 1,5 есе немесе 64,4 мың тоннаға артты.

“Экспорттың айтарлықтай өсуі Қазақстанға көп қаржы табуға көмектеспеді. Күнбағыс майын шетелге сатудан түскен табыс бір жылда 5,1%-ға, 175,1 млн долларға дейін төмендеді”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу