Еліміз мұнай газ саласына инвесторларды жаңа тетік бойынша тартады

Бұл құжат жақсартылған модельдік келісімшарт деп аталады. 

Еліміз мұнай газ саласына инвесторларды жаңа тетік бойынша тартады

Минералды-шикізат кешені ел дамуының маңызды бағыты болып табылады және оны толықтырудың стратегиялық маңызы жоғары.

ҚР шөгінді бассейндерін кешенді зерттеу есебіне сәйкес Қазақстанда көмірсутектер бойынша барлығы 76 млрд тоннаға жуық болжамды ресурстары бар 15 шөгінді бассейн (5 – игерілген, 5 – аз зерттелген және 5 – келешегі аз) бар, оның ішінде сарапшылардың бағалауы бойынша зерттелмеген және терең жатқан көкжиектерге 40 млрд тоннаға дейін келеді.

Алайда, жеткілікті болжамды ресурстары бар мұндай күрделі учаскелер жобалардың капиталды қажетсінуіне және өзекті геологиялық деректердің болмауына байланысты әлеуетті инвесторлар үшін тартымсыз.

Сонымен қатар, халықаралық дереккөздердің мәліметтері бойынша барлау табысының орташа мәні 20-25% құрайды.

"Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және күрделі жобаларды геологиялық барлауға қосымша инвестициялар тартуда жағдай жасау үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Жақсартылған модельдік келісімшарт – жаңа тетікті енгізуді көздейтін тиісті заңнамалық актілерге ("Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" және "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекстер және т. б. заңдар) өзгерістер мен толықтырулар әзірледі", – деп жазылған Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Жақсартылған модельдік келісімшартпен жұмыс істеуге Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ірі әлемдік мұнай-газ компанияларының, "Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" қауымдастығының және "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының өкілдері де тартылды.

Нәтижесінде Жақсартылған модельдік келісімшарт бойынша қалыптастырылған түзетулер пакеті үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып әзірленді, сондай-ақ мемлекет пен инвестордың мүдделері арасындағы теңгерімді тәсілге негізделген.

Аталған келісімшарт объектілері теңіз және газ жобалары, сондай-ақ құрлықтағы күрделі жобалар болып табылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу