Еліміз Ресейден ет өнімдерін әкелуге уақытша тыйым салды

1457

Еліміз Ресейден ет өнімдерін әкелуге уақытша тыйым салды

Ресейдің Владимир облысында аусыл ауруының шығуына байланысты Қазақстан көрші елден ет және ет өнімдерін әкелуге уақытша тыйым салды.

Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

"Біз бүгін Ресей аумағынан ет және ет өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойдық. Себебі, жақында Владимир облысында аусыл ауруының ошағы анықталды.  Нақты айтқанда, Азия-1 штамы тіркелді. Бұл туралы Ресей Халықаралық эпизоотикалық бюросы мәлімдеді. Сол себепті Қазақстан тарапы осындай шешім қабылдады", – деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу