Еліміз заңның басымдығы бойынша рейтингіде 62-орынға тұрақтады

539

Бұл 126 мемлекет қатысқан индекстің дәл ортасы. 

Еліміз заңның басымдығы бойынша рейтингіде 62-орынға тұрақтады

World Justice Project халықаралық компаниясы жыл сайын әр мемлекеттегі заңның үстемдік құруы бойынша рейтинг жариялап отырады. Зерттеу әр елдегі құқықтық базаны жетілдіру, заңдардың жалпыға ортақ жүйесін жетілдіруге негізделеді, деп хабарлады ranking.kz.

Аталған индекстің бірінші сатысына Дания жайғасқан. Сонымен қатар алдыңғы қатардағы елдердің тізімінде Норвегия, Финляндия, Швеция және Нидерланд бар. Үздік ондыққа Германия, Жаңа Зеландия, Австрия, Канада және Эстония кірген. 

Ал Қазақстан биыл үш сатыға жоғарылап, 62-орынға тұрақтаған. Бұл тізімдегі 126 елдің дәл ортасы. Осылайша еліміз Непал (61-орын) мен Панаманың (63-орын) арасында тұр. 

Индекс мемлекеттің құқықтық жетілуін сипаттайтын 47 көрсеткіш бойынша сараланған. Осы көрсеткіштердің барлығы 8 бөлімге жіктелген. Оның ішінде, билік институтының өкілеттілігін шектеу, жемқорлықтың болмауы, тәртіп пен қауіпсіздік, халықтың негізгі құқықтарының қорғалуы, билік институттарының ашықтығы, заң бойынша жүру, азаматтық әділеттілік, қылмыстық әділеттілік бар. 

Биыл еліміз жемқорлықты болдырмау бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Осы талап бойынша Қазақстан 57 орынға жайғасып 0,49 ұпай алған. Өткен жылы 61 сатыда тұрып, 0,47 ұпай алған еді. Сонымен қатар азаматтық және қылмыстық әділеттілік бойынша да рейтингте ілгері жылжыған. 

Ал билік институтының өкілеттілігін шектеу мен билік институттарының ашықтығы талаптары бойынша керісінше төмендеген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу