Еліміз жыл басынан бері 73,4 млн тонна мұнай экспорттады

317

Есепті кезеңде 62,8 млрд текше метр газ өндірілді. 

Еліміз жыл басынан бері 73,4 млн тонна мұнай экспорттады Фото: inbusiness.kz

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов 2025 жылғы қаңтар-қараша айларындағы отын-энергетикалық кешеннің жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Есепті кезеңде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,1% құрады. 11 айдың қорытындысы бойынша – мұнай экспорты 73,4 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 116,1%. Атап өту қажет, мұнай экспортының осы жылғы 70,5 млн тонна жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізілді", – деді Энергетика вице-министрі.

Жыл басынан бері 62,8 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,7%.

"Биыл 62,8 млрд текше метр көлеміндегі газ өндіру жоспары да орындалды. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,8 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%. Ел аумағы арқылы газ транзитінің көлемі 64,5 млрд текше метр болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,9%", – деп атап өтті Сұңғат Есімханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу