Елімізде 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды

245

Бұдан бөлек 2029 жылға дейін 1300-ге жуық мектепті реновациялау бағдарламасы басталды. 

Елімізде 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды Фото: yandex.kz

Президент тапсырмасына сай 2023-2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған.

2023-2025 жылдар қорытындысы бойынша:

  • 369 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді;
  • 1 817 мектепте ағымдағы жөндеу жасалды;
  • 2 917 пәндік кабинет сатып алынды;
  • 1 697 мектепте жиһаз жаңартылды;
  • 2 413 мектептің кітапханасы жаңғыртылды;
  • 1 401 мектептің асханасы жаңартылды;
  • 1 705 мектепте қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.

Сонымен қатар 2023-2025 жылдары 2 752 мектеп үшін 4 320 пәндік кабинет сатып алынды, оның ішінде:

  • 2023 жылы – 1 072 мектеп (1507 кабинет);
  • 2024 жылы – 920 мектеп (1621 кабинет);
  • 2025 жылы – 760 мектеп (1192 кабинет).

Бұл жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу