Елімізде 1,5 мың адам жетім баланы асырап алуға дайын– Білім министрі

834

Елімізде 1,5 мың адам жетім баланы асырап алуға дайын– Білім министрі

Еліміздегі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар туралы мәліметтер базасында  28,4 мың бала тіркелген, деп мәлім етті білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Қазақстанда  2016 жылы  ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар, сондай-ақ ықтимал ата-аналар туралы республикалық база іске қосылды, деп атап өтті Ерлан Сағадиев жұма күні Астанада ведомство алқасының отырысында.
Оның мәліметі бойынша, 2017 жылдың қаңтарында 28,4 мың бала және 1 мың  400  ықтимал ата-ана тіркелген.
"Нәтиже көрсеткендей, жұмыс жанданып отыр, тағы  6 балалар үйі жабылып, балалар үйлеріндегі балалар саны 1 мыңға қысқарды", – деп атап өтті Ерлан Сағадиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу