Елімізде 1 миллионнан аса адам несиесін өтей алмай отыр

1442

Елімізде 1 миллионнан аса адам несиесін өтей алмай отыр

Қазақстанда 1 млн 102 мың адам алған несиесін өтей алмай отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Несие алушылардың ісі қарыз өндіру үшін коллектор агенттіктерге жіберілген. 14 млн-ға жуық адамның несие алуына шектеу қойылған. Мектеп жасындағы балалар мен зейнеткерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар несие ала алмайды.

Жалпы бүгінде елімізде 3,5 млн адамның банктерге қарызы бар. Оның 64 пайызы берешегін толық өтеуге қауқарсыз.

Мамандар соңғы екі жылда тұтыну несиенің көлемі 48 пайызға артқанын айтады.

Қазақстанда жыл басынан бері берілген кредиттердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 2 трлн теңгеге ұлғайды. Экономиканы несиелеудің жылдық өсімі 7% немесе 816 млрд теңгені құраған. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есептемегенде, осындай көрсеткіш шығып отыр. Ал кәсіпорындарға теңгемен берілетін кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 12,2%-ға дейін төмендеді.

Қазақстан банктерінде 2019 жылдың басында тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізіледі. Ондағы мақсат – тәуекелі жоғары саясат ахуалына жол бермеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу