2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша цифрлық автобұғаттау жүйесі теміржолдың 1056 шақырымында іске қосылды, бұл биылға жоспарланған 2188 шақырымның шамамен жартысын құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жыл соңына дейін Тобыл – Қандыағаш және Шалқар – Бейнеу телімдерінің тағы 1132 шақырымында жұмыстар толық аяқталады.
Цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізу пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, тасымалдау үдерісін тиімді басқаруға және теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін 1,5 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу