Елімізде 11 571 адам коронавирустан емделуде

489

Денсаулық сақтау министрлігінің 26.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.  

Елімізде 11 571 адам коронавирустан емделуде

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 571 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 710 бала бар. Стационарларда 3 198 науқас жатыр. 8 373 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 210 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар қатарына тағы 820 адам қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу