Елімізде 14,4 мың шетелдік жұмыс істейді

511

Биыл шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленген.

Елімізде 14,4 мың шетелдік жұмыс істейді Фото: aikyn.kz

1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 14 417 шетел азаматы еңбек етеді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының м.а. Ілияс Испанов мәлімдеді.

"Біз үшін көрші елдерден, оның ішінде тіркеусіз, бейресми арналар арқылы келетін еңбек мигранттарының қозғалысын есепке алуды күшейту маңызды. Еңбек мигранттарын тарту жеке тұлғалардың нақты сұранысына сәйкес айқындалады. Сондай-ақ, мигранттардың жұмыс орнына қатаң бақылау орнатылады", – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзінше, бүгінде елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 693 жұмыс беруші бар. Оларда 407 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды.

Бұдан бөлек Ілияс Испанов еліміздің 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасына тоқталды. Оның айтуынша, тұжырымдамада елге білікті кадрлардың келуін ынталандыру, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау, ел өңірлері арасындағы демографиялық теңгерімсіздіктерді жоюды көздейтін мәселелердің 3 блогы айқындалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу