Елімізде 15 мың компания 758,7 млрд теңге салық төлемей жүр

169

Мұндай мәліметті Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.  

Елімізде 15 мың компания 758,7 млрд теңге салық төлемей жүр Фото: uralskweek.kz

Аталған қара тізімде 15 мыңнан астам компания бар, деп жазады inbusiness.kz сайты комитетке сілтеме жасап. 

150 АЕК-тен асатын (2025 жылы – 589,8 мың теңге) салық берешегі бар және төрт ай бойы өтелмеген кәсіпорындардың тізімі жарияланды.

Салықты уақытылы төлемеген компаниялар қатарында "OLIMP KZ" букмекері де бар. Оның қарызы 80,2 млрд теңгеден асады. Қазіргі уақытта бұл компанияның қызметі торқтап тұр. Берешегінің 35,7 млрды теңге негізгі қарызы болса, төленбеген борыштың өсімпұлы 45,5 млрд теңгеге жеткен. Ал, көш басында Ai-To Progress компаниясы тұр.

Олардың жалпы қарызы 758,7 млрд теңгені құрайды.

Бұл ретте он ірі борышкердің үлесіне қарыздың шамамен 60%-ы  448,3 млрд теңге тиесілі.

Бұл компаниялар:

  • Ai-To Progress – 104,1 млрд теңге (Алматы, тіркелген күні – 2007 жыл, көтерме сауда);
  • TEX ALLIANCE – 94,1 млрд теңге (Алматы облысы, тіркелген күні – 2013 жыл, көтерме сауда);
  • Alpha-bet – 88,1 млрд теңге (Алматы, тіркелген күні – 2015 ж., ойын ұйымы, шетелдіктер үлесі бар компания);
  • OLIMP KZ букмекерлік кеңсе – 80,2 млрд теңге (Астана, тіркелген күні – 2006 жыл, спорт саласындағы қызмет);
  • GB Invest – 43,5 млрд теңге (Алматы облысы, тіркелген күні – 2011 ж., бөлшек сауда);
  • "Кастинг" – 18,1 млрд теңге (Алматы, тіркелген күні – 1999 ж., түсті металл құю, шетелдік қатысумен бірлескен кәсіпорындардың мүлкі);
  • "ҚазГерСтрой" бірлескен кәсіпорны – 8,9 млрд теңге (Астана, тіркелген күні – 2004 ж., тұрғын үй құрылысы);
  • ПФД Интернэшнл Атырау филиалы – 3,8 млрд теңге (Атырау облысы, тіркелген күні – 2000 ж., шетелдік компания);
  • ФортСтрой-Т – 3,69 млрд теңге (Астана, тіркеу мерзімі – 2020 жыл, құрылыс-монтаж жұмыстары);
  • GL-TRANSPORT – 3,59 млрд теңге (Алматы, тіркелген күні – 1999 ж., автобуспен тасымалдау).

Қарыз көлемі бойынша алдыңғы бестікке мыналар қалалар кіреді: Алматы – 369,9 млрд теңге, Алматы облысы – 151,5 млрд теңге, Астана – 53,1 млрд теңге, Қарағанды ​​облысы – 45,9 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 38,1 млрд теңге.

Айта кетсек, былтыр 2024 жылы қазынаға 12,3 трлн теңге салық түсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу