Елімізде 1500-ге жуық ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр

219

Мобильді интернет тек 4866 ауылда қолжетімді.  

Елімізде 1500-ге жуық ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр Фото: Бизнес Online

Қазақстанда 6290 ауыл бар, оның ішінде 1424 ауыл интернетке шыға алмай отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда 6290 ауыл бар, оның ішінде сымды интернет бойынша оптика 2606 ауылға жеткізілген. Мобильді интернет 4866 ауылда қолжетімді. 

"Қолданыстағы салықтық жеңілдіктер аясында 2023 жылы 1161 ауыл 4G технологиясына қосылды. Бүгінгі таңда 1424 ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр. Ұялы байланыс операторларын ынталандыру үшін министрлік жаңа Салық кодексіне радиожүйелік спекторіне салықтық жеңілдіктерді ұзартуды және төлем мөлшерлемесін өзгертуді ұсынды. Осылайша байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінде 1076 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделген", — деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев. 

Жалпы халықаралық деректер бойынша Қазақстанда интернетті пайдаланатын халықтың үлесі дамыған елдер деңгейінде. Қазақстанда 2020 жылға қарағанда трафик 61,5%-ға, ал абоненттер саны 12,9%-ға өсті. Ookla-ның Speedtest-тің 2024 жылғы сәуірдегі деректеріне сәйкес, Қазақстан 43,6 мбс орташа жылдамдығямен 66 орында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу