Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізген тексеріс барысында 167 күмәнді жағдай анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, әртүрлі науқастарға бірдей мазмұнда рәсімделген құжаттардың "көшіріп қою" тәсілімен дайындалғаны тіркелген.
Сонымен бірге зертханалық талдаулар, ауру тарихы (анамнез) және дәрігерлік қорытындылардың бір-бірімен толық сәйкес келетін фактілері анықталған. Мұндай құжаттарда тек науқастардың жеке мәліметтері мен тексерілген күндері ғана өзгертіліп, негізгі мазмұны сол күйінде қалдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу