Елімізде 180 мың адам қатерлі ісік дертімен есепте тұр

1065

Жыл сайын 15 мыңнан астам адам осы қатерлі дерттен қайтыс болады.

Елімізде 180 мың адам қатерлі ісік дертімен есепте тұр

Елімізде жыл сайын 800 мың адамды онкологиялық ауруларға тексерістен өткізуге қаржы бөлінеді. Алайда, өз денсаулығына мән бермейтін тұрғындар тегін болғанына қарамастан бұл тексерістерге келмейді, деп хабарлайды almaty.tv.

Қазақстанда орта есеппен алғанда күн сайын 100 адамнан аталған аурудың түрі анықталады. Қазір елімізде 180 мың адам қатерлі ісік дертімен есепте тұр. Жыл сайын 15 мыңнан астам адам осы қатерлі дерттен қайтыс болады.

Дәрігерлер тұрғындарға тым болмағанда сенбі сайын тегін өткізілетін ашық есік күніне ерінбей келу керектігін айтып отыр.

Алдағы сенбі Алматыдағы қазақ онкология және ғылыми зерттеу инститтуында қабылдау өткізіледі. Орталыққа келген кез келген адам оншақты тексерістен тегін өте алады.

"Қатерлі ісік ауруларының 56 пайызы әйелдерге, 44-і ерлерге тиесілі. Еркектер арасында өкпе, ішек, асқазан обырлары көп. Шылым шегетін адам міндетті түрде рентгеннен ғана емес, томографиядан да өтуі тиіс", – дейді Қазақ онкология және ғылыми зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу