Елімізде 2 млн адам тұмауға қарсы екпе алды

635

Қазақстанда 2 136 575 адам тұмауға қарсы вакцина алды. Бұл ел халқының 11,3%-ы деген сөз, деп жазады inbusiness.kz. 

Елімізде 2 млн адам тұмауға қарсы екпе алды Фото: ortcom.kz

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанованың айтуынша, биыл бюджет қаражатына "ГРИППОЛ+" вакцинасының (Ресей) 2,3 млн дозасы сатып алынған.

"Вакцинация алғандардың 22%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Ересек адамдардың үлесі – 78%. Екпеден кейінгі асқынулар тіркелмеді", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Марал Рақымжанованың хабарлауынша, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың осал топтары егіледі. Оларға медицина қызметкерлері, медициналық мекемелерде диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдар жатады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу