1 731 мектеп Starlink интернетіне қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі білім саласында бірқатар шараларды жүзеге асырып жатыр. 
Оның ішінде мектептер жоғары жылдамдықтағы интернетке спутниктік Starlink технологиясымен қосылып жатыр. 
Starlink терминалдары орнатылғаннан кейін мектептердегі интернеттің орташа жылдамдығы 150 Мбит/с құрайтын болады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        