Елімізде 20 мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым бар

694

Қазақстанда 62 мыңнан астам адам наркология бойынша диспансерлік есепте тұр. 

Елімізде 20 мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым бар Фото: MedElement

Бүгінгі таңда созылмалы алкоголизм дертіне шалдыққандарды мәжбүрлі емдеу мәселесі шешімін таппады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Мұндай адамдарды емдетуге іс жүзінде учаскелік инспекторлар ғана мүдделі. Себебі бұл отбасының берекесін қашыратындарды олардың туыстары мен жақындарынан уақытша оқшаулауға (6 айдан 2 жылға дейін) мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қылмыстың алдын алуға көмектеседі. Алайда наркологиялық мекемелердегі медициналық қызметкерлер тиісті шешімдерді шығаруда құлықсыз екені байқалады. Нәтижесінде полицейлердің бұл жұмыспен өздері, кейде тіпті өз қаражаты есебінен айналысуына тура келеді", - спикер Мәжілістің комитет отырысында.

Оған сотқа материалдарды рәсімдеу, анализдерді тапсыру, құқық бұзушының сараптамадан өтуі және оны ауруханаға жатқызу үшін медициналық мекемелерге жеткізу кіреді.  

"Қазіргі таңда 62 860 адам наркология бойынша диспансерлік есепте тұр. Біздің бастамамымызбен сот мәжбүрлі емдеу туралы 5 мыңға жуық істі қанағаттандырды. Алайда бос төсек-орындарының жоқтығынан ауруханаға тек 72 пайызы (3488) жатқызылды. Елімізде 20 мәжбүрлеп емдеуге арналған мамандандырылған наркологиялық мекеме бар. Тағы осындай 11 мекеме қажет. Оның ішінде Астана және Ақмола облысында 2 мекемеден, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Абай және Ұлытау облыстарында – 1 мекемеден", - деп атап өтті Ішкі істер министрінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу