Елімізде 22 746 адам короновирус инфекциясынан (20 331 КВИ+ және 2 415 КВИ-) емделуде. Ем алып жатқан науқастардың 7 434-і стационарда, 15 312-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 342 адамның жағдайы ауыр, 76 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу