Елімізде 3,9 мыңға жуық дәрігерлік орын бос тұр

189

Оның 800-ден астамы ауылдық жерлерге тиесілі.

Елімізде 3,9 мыңға жуық дәрігерлік орын бос тұр Фото: canva

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3,9 мыңға жуық дәрігерлік штат орны толмаған. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үкімет басшысының дерегінше, 2023-2025 жылдар аралығында дәрігер тапшылығы 20,4%-ға, ал ауылдық жерлерде 28,3%-ға азайған.

Өңірлерге мамандарды тарту үшін дәрігерлерге баспана мен қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр. 2026 жылдың алғашқы 9 айында тапшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 230 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңгеден берілген. 

Бұдан бөлек, 223 дәрігер баспанамен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ Үкімет медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен оларға берілетін кепілдіктерді айқындайтын жеке заң жобасын қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу