Елімізде 3 млн азамат несие алудан өз еркімен бас тартқан

201

Аталған қызмет ең алдымен алаяқтардан сақтанудың сенімді тетігі болып отыр.  

Елімізде 3 млн азамат несие алудан өз еркімен бас тартқан Фото: kazpravda.kz

Кез келген Қазақстан азаматы Egov mobile қосымшасына кіріп, өз еркімен несие рәсімдеуге тыйым сала алады, деп жазады inbusiness.kz сайты Jibek joly телеарнасына сілтеме жасап.

Egov mobile қосымшасындағы "Стоп кредит" қызметінің іске қосылғанына бір жылдан асты.

Осы аралықта 3 миллионнан астам отандасымыз несие алудан өз еркімен бас тартқан. Бұл шектеуді қалаған уақытында алып тастай алады.

Егер "бас тарту" батырмасын басқанның өзінде, алаяқтар амалын тауып сіздің атыңыздан несие алған болса, банктер бұл несиені сотсыз және тергеусіз есептен шығаруға міндетті болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу