Елімізде 3 мың 44 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

550

Олардың арасында 74 сәби бар.  

Елімізде 3 мың 44 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

Қазақстанда осы кезде 3 044 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, еліміздің стационарларында осы кезде 1 950 науқас жатыр. 1 094 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 84 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", – делінген министрліктің Telegram каналында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу