Елімізде 3 мыңға жуық көше мен елді мекен атауы өзгереді

539

Қазақстанда идеологиялық тұрғыдан ескірген 3 мыңға жуық қала мен көше атауы өзгереді.

Елімізде 3 мыңға жуық көше мен елді мекен атауы өзгереді

Бұл туралы вице-премьер Алтай Көлгінов депутаттық сауалға берген жауабында  айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, былтырдан бері идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы іске асырылып жатыр. Жол картасының аясында 2021 жылы 68 елді мекен мен олардың 572 құрамдас бөлігінің атаулары өзгертілген.

"Жол картасы аясында барлығы 3 мыңға жуық ескірген атауларды ауыстыру жоспарланып жатыр. Атау беру кезінде жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріліп, ұсынылған атау тарихы зерделенеді", делінген құжатта.

2021 жылдың қыркүйек айында Республикалық ономастикалық комиссия мемлекет пен қоғамның дамуына зор үлес қосқан қайраткерлердің арасынан тарихи тұлғалардың тізімін жасақтаған. Атауларды өзгерту кезінде ономастикалық комиссиялар осы тізімге енгізілген атауларды пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу