Елімізде 300-ден астам медициналық ұйымның басшысы аттестациядан өтіп жатыр

256

Бірінші кезең – тестілеу 2026 жылғы 14 қазанда басталды.

Елімізде 300-ден астам медициналық ұйымның басшысы аттестациядан өтіп жатыр Фото: smu.edu.kz

Қазақстанда перзентханалар, балалар стационарлары мен жедел медициналық жәрдем станцияларының 300-ден астам басшысын аттестаттау басталды.

20 қазандағы жағдай бойынша, Қызылорда облысы, Ұлытау облысы және Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдардың 44 басшысы тестілеуден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аттестаттау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қатысушылар кәсіби білімдері мен басқарушылық құзыреттерін, сондай-ақ медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру және ресурстарды ұтымды пайдалану дағдыларын көрсетеді.

Бағалау тек аталған ұйымдардың басшыларына қатысты жүргізілетінін айта кеткен жөн. Қатардағы дәрігерлер, мейіргерлер және басқа да медицина қызметкерлері аттестаттауға қатыспайды.

Бағалау қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарды басқаруды жетілдіру және олардың жұмыс тиімділігін арттыру бағыттары айқындалады.

Аттестаттау медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру деңгейін, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ кадр саясаты мен қаржы қаражатын жұмсау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу