Елімізде 33 млн тонна мал азығы дайындалды

126

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Елімізде 33 млн тонна мал азығы дайындалды Фото: ҚР АШМ

Қазір елімізде 33 млн тонна мал азығы дайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,3 млн тонна шөп (жоспардың 99,4%-ы), 1,8 млн тонна пішендеме (108,1%), 2 млн тонна құрамажем (37,3%), 1,6 млн тонна сабан (81,1%), 3 млн-нан астам тонна сүрлем (65,5%) дайындалды.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында, сондай-ақ Жетісу облысында жоспар орындалғаны байқалады.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу