Елімізде 338 блогер 256 млн теңге салық төлеген

319

Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елімізде 338 блогер 256 млн теңге салық төлеген Фото: canva.com

Салық органдары сәйкессіздіктер туралы хабарлама жібергеннен кейін ғана олар табысын декларациялап, салық төлей бастаған.

Камералдық бақылау нәтижесінде кірісін толық көрсетпеген 854 блогер анықталды.

– 2025 жылы камералдық бақылау нәтижесінде дара кәсіпкерлерді қоса алғанда 80 000 жеке тұлғаға анықталған ауытқушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, 80 000 жеке тұлғаның ішінде 854 блогер хабарлама алғаны анықталды. Хабарламаларды алғаннан кейін блогерлер тарапынан белсенділік танытылды,  дейді министрлік мамандары KAZINFORM тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Десе де, 854 блогердің бәрі бірдей бұл шешіммен келіспейтін көрінеді.

Ведомство мәліметінше, хабарламаны алған инфлюенсерлердің 338-і ғана өз бетінше декларация тапсырып, салық төлеген.

– Ағымдағы жылдың 23 сәуіріндегі жағдай бойынша 338 блогер 10 млрд 585,4 млн теңге сомасына кірістерді өз бетінше декларациялады және 256,7 млн теңге сомасында жеке табыс салығын төледі, – дейді Қаржы министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу