Елімізде 35 мың банк картасы бұғатталды

133

Осылайша, 2,5 млрд теңгені пайдалануға тыйым салынып отыр.  

Елімізде 35 мың банк картасы бұғатталды Фото: canva

Жыл басынан бері 16 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, оның ішінде үшеуі – трансұлттық. 16 топ жетекшісі, 60 белсенді қатысушы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұдан басқа, 170 есірткі насихаты мен жарнама фактісі анықталды. Полиция мен волонтерлер 25 мыңнан астам граффити жазбалар мен сайт сілтемелерін бояп тастады.

"26 мың интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді. 35 мыңнан астам банктік карта-шоты бұғатталып, 2,5 млрд теңгені пайдалануға тыйым салынды. Бұл ретте цифрлық платформалармен және басқа да ІТ-компаниялармен ынтымақтастық жалғасуда. Анонимді пайдаланушылар анықталып жатыр. 750 адам ұсталды, оның ішінде 32 – сайт администраторы", – деп мәлімдеді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу