Елімізде 3912 кітапхана бар

378

23 сәуір – Ұлттық кітап күні.  

Елімізде 3912 кітапхана бар Фото: gov.kz

Осы датаға орай Ұлттық статистика бюросы Қазақстан кітапханалары туралы деректерді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде көпшілікке арналған 3912 кітапхана жұмыс істеді, онда 10 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Кітапханалардың 14-і – жекеменшік. Олардың негізгі үлесі ауылдық жерлерде орналасқан – 3 343.

Басым бөлігі әмбебап кітапханалар, оның саны – 3 866. Сонымен қатар 20 ғылыми, 19 арнайы және 7 өзге түрдегі кітапхана бар. Балаларға арналған 269 мекеме жұмыс істейді.

Кітапханалардың ең көбі Түркістан облысында орналасқан (388). Одан кейін Батыс Қазақстан (359), Ақмола (341) және Қостанай (336) облыстары тұр.

Барлық кітапханадағы жиынтық қор 110,3 млн басылымды құрайды, оның ішінде 69,6 млн – кітаптар. Ең ірі қор Алматы қаласында – 37,5 млн басылым.

Былтыр оқырмандар оқу залдарына  55,2 млн рет барған. Келушілер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – 5,4 млн.

Сондай-ақ бару саны бойынша Солтүстік Қазақстан (4,6 млн) және Түркістан (4,1 млн) облыстарында да жоғары көрсеткіштер тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу