Елімізде 442 мың адам жұмыссыз

1971

Елімізде 442 мың адам жұмыссыз

Еліміздің экономикасында 2018 жылғы қазандағы бағалау бойынша 8,7 млн адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,6 млн адамды құрады, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.

2018 жылғы III тоқсандағы деректер бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 89,7%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 10,3% құрады.

2018 жылғы қарашада жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Жұмыспен қамту органдарында 2018 жылғы қараша айының соңына 142,3 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,6%-ын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу