Елімізде 45 елдің азаматы үшін 30 тәулікке визасыз режим бекітілген

891

Елімізде 45 елдің азаматы үшін 30 тәулікке визасыз режим бекітілген

Биыл еліміз бойынша жалпы қылмыс саны 12%-ке төмендеген. Соның ішінде ауыр, орташа және аса ауыр емес қылмыс түрлері, тонаушылық, ұрлық, бұзақылық пен зорлық, қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайған. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың тұрғындармен есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс санын тұрақты азайтуға қол жеткізілген.

Колонияларда 54 мектеп бар, онда сотталғандар орта білім ала алады. Олар 48 кәсіби колледжде жұмысшы мамандықтарына оқытылады және қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік  кәсіпорындарында металл және ағаш өңдеу өндірістері, құырылыс материалдарын шығару, тігін бұйымдарын және басқа да тауарларды өндіру жұмыстары жолға қойылған. 

"Бүгінде қала көшелерінде 6 мыңнан астам бейнекамера орнатылды (Астанада - 795, Алматы - 156). Әрине, бұл жеткілікті емес. Бірқатар өңірлерде "Қауіпсіз аула" бағдарламасы табысты енгізілуде, оның ішінде 40 мыңнан астам аула алаңдары мен үйлердің кіреберістеріне бейне бақылау камералары орнатылды. Тек осы жылдың өзінде 1 млн-нан астам жол-көлік оқиғасының жолы кесілді. Олардың үштен бір бөлігі жолдарға орнатылған бейне бақылау жүйесінің көмегімен  анықталды", - деді министр.  

Қалмұханбет Қасымов, сондай-ақ, электрондық әкімшілік өндірісінің сынақтан өткізілгеніне және алдағы уақытта полиция қызметіне енгізілетіні туралы айтты. Ол үшін полиция қызметкерлерін кезең-кезеңмен дербес планшеттермен қамтамасыз ету жоспарлануда, олардың көмегімен хаттамалар толтырылып, құқық бұзушыларды және олардың көліктерін ІІМ базасының көмегімен тексеру жүрігізілетін болады.

ІІМ көші-қон легін бақылауды күшейтті. Өткен жылы елімізде 2,5 млн-нан астам шетелдік болып қайтса, сондай мөлшердегі шетелдік азамат біздің еліміз арқылы өткен. 20 елдің азаматтары үшін визасыз келу тәртібі енгізілді, 45 елдің азаматы  30 тәулікке дейін визалық рәсімдерсіз және тіркеусіз жүре алады. Осындай жағдайлар полициядан көші-қон режимінің сенімділігін қамтамасыз етуді және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды күшейтуді талап етеді деп қорытындылады сөзін министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу