Елімізде 500 мың ата-ананың жәрдемақы алатын мерзімі ұзармақ

480

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мөлшері қалай артатынын түсіндірді деп, хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде 500 мың ата-ананың жәрдемақы алатын мерзімі ұзармақ

"Қазіргі таңда Әлеуметтік кодекстің жобасы әзірленіп жатыр. Соның аясында әлеуметтік қамсыздандыру шараларын мемлекеттің әлеуметтік саясатына халықтың көңілі толатындай етіп жетілдіру көзделген", – делінген Үкімет басшысының жауабында.

Бала күтіміне байланысты қолдау шаралары күшейтіледі.

"Жеке айтсақ, бала күтіміне жәрдемақы төленетін мерзімді бір жылдан бір жарым жылға арттыру жоспарланып отыр. Бұл норма жұмыс істеп жүрген ата-аналарға да, жұмыс істемейтін ата-аналараға да қатысты. Бұл мүмкіндікті пайдалана алатын ата-аналардың саны 500 мыңға дейін жетеді", – деп жазады Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу