Елімізде 528,6 мың адамға мүгедектігіне байланысты жәрдемақы төленеді

1024

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері елімізде мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 260 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленген, деп жазады inbusiness.kz.      

Елімізде 528,6 мың адамға мүгедектігіне байланысты жәрдемақы төленеді

"2021 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 206,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 54,3 млрд теңге бағытталды. 2021 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 26,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 6,5 млрд теңге жұмсалды", – дейді министрліктен.

Сонымен елімізде 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты 528,6 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 160 мың адам жәрдемақы алады екен.

"1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 375 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 543 теңгені құрады", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу