Елімізде 6 мыңға жуық медицина қызметкеріне смарт-бейнежетондар таратылады

334

Қазіргі уақытта жоба екі өңірде – Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында іске қосылды.  

Елімізде 6 мыңға жуық медицина қызметкеріне смарт-бейнежетондар таратылады Фото: primeminister.kz

Жобаны енгізуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком" АҚ шешімдері негізінде смарт-бейнежетондар енгізіліп жатыр. Құрылғылар қауіпті жағдайларды тіркеуге, ахуалды бағалауға және пациенттер тарапынан шабуыл жасалған немесе қауіп төнген жағдайда патрульдік полиция жасағының оқиға орнына шұғыл жетуі үшін сигналды Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Жетондармен 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы және 3,8 мыңнан астам медицина қызметкері қамтылады.

Сондай-ақ, Үкіметтегі кеңесте дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында препараттарды таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмыс істеуі туралы баяндалды. Бүгінде 1 млрд-тан астам қаптамаға таңбалау жүргізілді. Мониторинг 3 мың дәрілік зат атауын қамтиды. 1 595 препараттың (52%) бағасы тұрақты болып қалды. 800 дәрілік зат атауының (26%) бағасы төмендегені тіркелді. 42,5 млрд теңге көлемінде жиынтық экономикалық тиімділік қамтамасыз етілді. Ауқымын кеңейту аясында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) таңбалау жүйесі енгізілді.

Жиын барысында ЖИ элементтері бар цифрлық шешімдер мен жобалар ұсынылды.

"Суық тізбек" жобасы вакциналарды қоймадан медициналық ұйымға дейін сақтау және тасымалдау жағдайларын автоматты түрде бақылауға арналған. Температура датчиктері сақтау жағдайларын, ал GPS-мониторинг иммундық препараттарды тасымалдау барысын бақылайды. Пилоттық жоба 2025 жылы Қарағанды облысында жүзеге асырылды. Осы жылдың 1 қазанынан бастап жобаны бүкіл ел аумағында кезең-кезеңімен енгізу басталады. Жүйе еліміздің барлық өңіріндегі 3,5 мыңнан астам нысан мен 800 бірлік арнайы көлікті қамтиды.

Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком" АҚ шешімдері негізінде смарт-бейнежетондар енгізілуде. Құрылғылар қауіпті жағдайларды тіркеуге, ахуалды бағалауға және пациенттер тарапынан шабуыл жасалған немесе қауіп төнген жағдайда патрульдік полиция жасағының оқиға орнына шұғыл жетуі үшін сигналды Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жоба екі өңірде – Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында іске қосылды. Жобаны енгізуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жетондармен 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы және 3,8 мыңнан астам медицина қызметкері қамтылады.

Стационарлардағы бейнеаналитика және SOS батырмасы жүйесі қабылдау бөлімдеріне арналған кешенді шешім болып саналады және медицина қызметкерлеріне қатысты агрессия фактілерін анықтау үшін "ақылды" камералар орнатуды көздейді. Ақпарат Полиция департаментіне, медициналық ахуал орталығына және медициналық ұйымның күзет қызметіне жедел түрде беріледі. Қосымша SOS батырмалары орнатылады. Олардың көмегімен азаматтар патрульдік полицияны өз бетінше шақыра алады. Қазіргі уақытта жүйе Астана, Шымкент қалаларында және Жамбыл облысында енгізілуде.

Қашықтан көмек көрсету желісі бойынша шалғай аудандардың тұрғындары үшін мамандардың қашықтан кеңес беруін қамтамасыз ететін цифрлық телемедицина шешімдері енгізілді. Жыл басынан бері 1 млн-нан астам телеконсультация өткізілді, 2,1 млн-нан астам адам қашықтан медициналық қызмет алды, оның 39%-ы ауыл тұрғындары. Жоба ауылдардағы 655 фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаторияларды, 72 қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін қамтиды. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап телемедицина оқушыларды алдын ала тексеруге де енгізілді. Ол бойынша 8 мыңға жуық мектепті қамту жоспарлануда. Қашықтан кеңес беру форматында ЭКГ, экспресс-талдаулар және цифрлық медициналық құрылғыларды қолданумен жасалатын тексерулер қол жетімді, алдағы уақытта бұл тізімге УДЗ, офтальмоскоп және тағы да басқа зерттеулер қосылады.

ЖИ қолданатын орталықтандырылған телерадиология бүкіл ел бойынша 400-ден астам медициналық мекемелерді байланыстырады. ЖИ алгоритмдері КТ, МРТ және маммография суреттерін талдауға мүмкіндік береді, бұл диагностикаға жұмсалатын уақытты 4 еседен астам қысқартады және патологияны ерте сатысында анықтауды 32,2%-ға арттырады.

ЖИ базасындағы AKYLMED.AI медициналық коммуникациялардың бірыңғай жүйесі пациенттерді тәулік бойы онлайн-жазу, скринингтер мен профилактикалық тексерулерге автоматты түрде шақыру, сондай-ақ қабылдау сапасы туралы кері байланыс орнату үшін енгізіледі. AI-көмекшілерді пайдалану емханаларға келмей-ақ қызмет алу деңгейін үш есеге жуық төмендетуге және тіркеу орындарына жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық контурын құру стратегиялық маңызға ие екенін және ол медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға тиіс екенін атап өтті.

"Президент бытыраңқы ақпараттық жүйелерден бас тартып, денсаулық сақтау саласының бірыңғай цифрлық негізін құру бойынша нақты мақсат қойды. Бұл міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шешімдер мен технологиялардың бар екенін көріп отырмыз. Басталған жұмысты соңына дейін жеткізу маңызды. Барлық жүйелер біріктіріліп, деректер қолжетімді әрі өзекті болуға тиіс. Сондай-ақ тиімді ЖИ-шешімдерді бүкіл сала мен өңірлерге кеңінен таратқан жөн. Біз нақты нәтижеге қол жеткізуіміз керек, яғни медициналық қызметтердің сапасын арттырып, шығындарды оңтайландыру және әкімшілік кедергілерді жою қажет. Жаппай цифрландыру жүйені жетілдіруге, сол арқылы азаматтарға көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыра түсуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу