Энергетика министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, тарифтерді қайта қарау елдегі электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуді және генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен жаңғыртуды мақсат етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстанда 60 энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына арналған шекті тарифтерін өзгерту жоспарланып отыр.
Ведомствоның мәліметінше, тарифтерді түзету энергия өндірушілерге жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге, сондай-ақ жабдықтардың сенімділігін арттыруға және оларды жаңарту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті қаржылық мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу