Елімізде 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

145

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Елімізде 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды Фото: ЖИ

Агенттік тұтынушылардың құқықтарын жүйелі түрде бұзған жеті микроқаржы ұйымының лицензиясынан айырды. Олардың қатарында MaxMoney, Microfinance Systems, SurfKaz Finance, MFO№1, "Умит Финанс", "Вивус" және EL QAZYNA бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Лицензиясынан айырылған ұйымдар микрокредит беруге құқылы емес. Сондай-ақ заңда көзделген жекелеген жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы микрокредит шарттарын өзгерте алмайды.

"Заңнамаға сәйкес МҚҰ лицензиядан айырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын олардан алынған сөздер мен қысқарған сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар компанияны жабу немесе қайта ұйымдастыру талап етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу