Елімізде 8,5 млн тоннадан астам астық бастырылды

825

Елімізде 8,5 млн тоннадан астам астық бастырылды

4 қыркүйекке дейін елімізде 6785,2 мың гектар алқаптан 8 млн 576,8 мың тонна астық бастырылған. Астықтың орташа шығымы  гектарынан 12,6  центнерден айналуда. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2 центнерге аз.

 "Казах-Зерно" АА дерегі бойынша,  бүгінгі күнге дейін астықты өңірлерде жиын-терім жұмыстары белортаға таяп қалған.

Атап айтқанда, Ақмола облысында 41,5% аумақтан 1749,1 мың тонна астық, ал Қостанай облысында  2023,4 мың тонна (45,1% алқап орылған), Солтүстік Қазақстан облысында 42,2% алқаптан  1873,7 мың тонна астық бастырылды.

Естеріңізге ала кетейік, еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігінің болжайы бойынша, Қазақстан биыл 19 миллиондай тонна астық жинауға тиіс, оның тоғыз миллиондайы экспортқа жөнелтіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу