Соңғы 3 айда жұмыспен қамтылғандардың ішінде 7,14 млн адам немесе 76,8%-ы – жалдамалы жұмысшылар, 2,16 млн адам немесе 23,2%-ы – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Жұмыспен қамту деңгейі 15 жастан асқан жалпы халыққа шаққанда 64,6%-ды, жұмыс күшінің санына шаққанда 95,4%-ды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 110 мың адамға артты, оның басым бөлігі жалдамалы жұмысшылар есебінен болды, – делінген бюро таратқан хабарламада.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі мына салаларда тіркелді:
- сауда – 17,1%;
 - білім беру – 13,1%;
 - өнеркәсіп – 12,5%;
 - ауыл шаруашылығы – 10,8%;
 - көлік және қойма – 7,3%;
 - құрылыс – 6,9%;
 - денсаулық сақтау – 6,4%.
 
Бір жұмысшыға шаққандағы жұмыс аптасының орташа ұзақтығы 39 сағатты құрады. Оның ішінде жалдамалы жұмысшылар – 40 сағат, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 36 сағат жұмыс істеген.