Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның құрылыс саласындағы өсу қарқыны сөз болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Серік Жұманғариннің сөзінше, құрылыс саласы ел экономикасында тұрақты өсім көрсетіп отыр.
– Құрылыс жұмыстарының өсуі 18,5%-ға дейін жеделдеді. 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 5,2%-ға артық, – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Осыған дейін Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалғанын жаздық.
Сондай-ақ, алғашқы 7 айда ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жеткенін хабарладық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу