Елімізде "Әділетті Қазақстан – жастардың тандауы" акциясы басталды

732

1463 колл центрі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша тегін кеңес алуға болады.  

Елімізде "Әділетті Қазақстан – жастардың тандауы" акциясы басталды Фото: "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен "Әділдік Жолы" республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесіп елдегі жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда жастарды жұмылдыратын "Әділетті Қазақстан – жастардың тандауы" атты акцияны бастады, деп жазады inbusiness.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша тегін кеңес алуға болатын  арнайы 1463 колл центрі қосылды, сонымен қатар жастардан хабарламаларды қабылдап, өзекті жаңалықтарды жеткізетін ұйымның әлеуметтік желідегі парақшалары ашылды.  

Акция аясында Ғылым және жоғары білім министрлігімен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл өз кезегінде ол студент жастарды акцияға жұмылдырып, ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді.

Акция бастамашылары, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік идеялар мен жобалар байқауының басталғанын жариялады. Онда әрбір жас сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз көзқарасын ұсына алады.

"Әділдік жолы" РҚБ атқарушы директоры Д.Смағұлов барша қазақстандық жастарды осы акцияны жүзеге асыру үшін белсене атсалысуға шақырады. Өйткені әділетті Қазақстанның қалыптасуы әрбір азаматқа, соның ішінде бірінші кезекте жастарға жастарға байланысты.   

Өтінімдер info@adildik.kz электронды мекен-жайына 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады. Одан кейін байқау комиссиясы еліміздің әр өңіріндегі үздік жұмыстарды таңдап, бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Еске сала кетсек, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған. 2003 жылдың дәл осы күні Мексикада қол қою үшін БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу