Елімізде ақша аударымдарының көлемі 12%-ға артты

2535

Алайда жетекші ақша аударымдары жүйелерінің көрсеткіштері төмендеді.  

Елімізде ақша аударымдарының көлемі 12%-ға артты

2020 жылы елімізде ақша аударымдары жүйелері арқылы 52 млрд теңгеге транзакция жасалған.  Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 11,9% жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz, ranking.kz-ға сілтеме жасап. 

Былтыр транзакциялар саны да 2,2 есе артып, 595 мыңға жеткен. Бұл аударылған орташа соманың 170,2 мың теңгеден 87,4 мың теңгеге дейін төмендеуіне алып келді. 

Ел ішіндегі ақша аударымдарынаң көп бөлігі "Золотая Корона", Western Union жүйелері арқылы жасалған. Сәйкесінше "Золотая Корона" арқылы 15,2 млрд теңге аударылды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 9,2% төмен. Одан кейінгі орында 2,3 млрд теңге көрсеткішімен Western Union. Көрсетілген сома бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,7%-ға аз. 

Сонымен қатар "Юнистрим" және Contact жүйелері арқылы да ақша аударғандар көп. Алайда аталған жүйелердің де көрсеткіштері 2019 жылмен салыстырғанда төмен. Мәселен, былтыр "Юнистрим" арқылы 321,6 млн теңге аударылған. Бұл бір жыл бұрынғы сомадан 35,9% аз. 
 
Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу