Елімізде ақылы жолдардың саны артады

707

2024 жылға дейін 11 мың шақырым жол ақылы болмақ.  

Елімізде ақылы жолдардың саны артады

"QazAvtoJol" ҰҚ" АҚ" Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының директоры онлайн брифинг барысында Марат Сүлейменов осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше қазір елімізде 682 мың шақырымды құрайтын 4 ақылы жол бар.

2019 жылы олардан 5 млрд 389 млн теңге қаржы түсті. Аталған учаскелермен өткен жылы 10,5 млн көлік жүріп өткен.

 "Ал 2024 жылға қарай 11 мың шақырым автомобиль жолдарына ақы төлеуді енгізу жоспарланып отыр. Бұл шаралар 32 жол учаскесін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Төлемді енгізу инвестордың қаражаты есебінен, инвестициялық келісімшарт бойынша жүзеге асырылады", – деген спикер жолақысы мәселесіне тоқталды. 

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ақылы жолдар ашылғанға дейін жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Мұнда жол ақысы және төлемнің ұсынылған әдістері талқыланады.

"Төлем көлемін Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі арнайы талдаудан кейін мақұлдайды. Көліктің қай түрі жол ақысын төлейтіні, қайсысы төлемейтіні жол санатына байланысты. Мәселег, екінші техникалық санаттағы жол болса, онда ақысын тек жүк көліктері төлейді", – деді Марат  Сүлейменов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу