Елімізде алаяқтық фактілері 2 есе артқан

588

Биыл мұндай 1 мың 700 қылмыс әшкереленіп, 400-ге жуық адам ұсталды. 

Елімізде алаяқтық фактілері 2 есе артқан

ІІМ Кириминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков онлайн брифинг барысында осындай көңіл көншітпейтін статистикамен бөлісті. Оның сөзінше, бұл әлемде жаңа технологиялардың дамуымен байланысты. 

"Соңғы үш жылда елімізде интернет алаяқтықтың саны 2 есе артқан. Яғни 4 мыңнан 8 мың қылмысқа дейін. Биыл мұндай 1 мың 700 қылмыс әшкереленіп, 400-ге жуық адам ұсталды. Қылмыстардың көбі тарансшекаралық әрекет. Кейде зардап шеккен адам бір аймақта, ал қылмыскер басқа қалада тұрады. Ал кейде, тіпті, басқа елде тұрады", – деді  департамент бастығының орынбасары. 

Ерлан Омарбековтың сөзінше, алаяқтық жайлы көптеген азаматтар полицияға хабарлай бермейді. Себебі келтірілген шығын көлемін мардымсыз деп есептейді. Ал кейде олар алаяқтардың құрбаны болғанын бірден білмейді. 

"Алаяқтар көбінесе желіде зат сататыны туралы жалған хабарландыру жайғастырады. Өзінің затын төмен бағаға бағалайды. Сол арқылы көпшіліктің назарына бірден ілігеді. Кейін затының жарты ақшасын аударуды сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін тауар жолда деп алдап, сан соқтырып кетеді", – деді ол. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу