Елімізде алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

1568

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Елімізде алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады Фото: zh-shugylasy.kz

12 маусымда ауа райының күрт бұзылады деп күтіледі: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Ал кейбір аймақтарда аптап ыстық болатыны болжанады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің шығысында ғана антициклон әсерінен сақталады.

"Республикамыздың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр болады, солтүстік-батыста, орталықта бұршақ түседі. Республикамыз бойынша желдің күшейетіні күтіледі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жетісу, Абай, Алматы облыстарында, БҚО-да, Атырау облысында +35...+38°С қатты ыстық болады деп күтіледі", – деп болжанады.

Сондай-ақ, мына өңірлерде Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары болады.

Төтенше өрт қаупі жоғары – Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының  батысында, Абай облысының  оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында. 

Алдағы күндері солтүстік өңірлерде күндізгі уақытта термометр бағаналары 25-33 градусқа дейін, ал оңтүстікте 30-38 градусқа дейін жылынғанымен, жаңбыр мен найзағай болады, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына жылы ауа массалары келіп, жазғыдай жылы ауа райын қалыптастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу