Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дегенмен елдің солтүстігінде және оңтүстіктің таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.
"Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+15°С-қа дейін, оңтүстікте +15…+20°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде +3…+8°С шамасында болады", – делінген синоптиктер жариялаған болжамда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу