Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1973-ке жетті

521

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.  

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1973-ке жетті Фото: Depositphotos.com

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артып келеді. 2026 жылғы III тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1973 кәсіпкер тіркелген. II тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,1%-ға өскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімі тоқсан сайын жаңартылып отырады. Тізілімге ену кәсіпкердің заңнамада қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларын алуына және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге арналған жобаларды дамытуына мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік бұл қызметті жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық пайда әкелетін бизнесті біріктіреді: мүгедек адамдарды және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдерін жұмыспен қамтып, әлеуметтік маңызды қызмет көрсетеді немесе өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларды іске асырады.

Тізілім кәсіпкерлердің өтінішін қарап, оның тиісті өлшемге сәйкестігін бағалайтын жергілікті атқарушы органдар жанындағы арнайы комиссия шешімі негізінде қалыптастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу