Елімізде әлеуметтік қызметке 37 мыңнан астам адам мұқтаж

1014

Олардың үштен бірі – зейнеткерлер.

Елімізде әлеуметтік қызметке 37 мыңнан астам адам мұқтаж

2020 жылдың соңында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдардың саны 256 бірлікті құраған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7-ге кем, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде 162 (- 3) – стационарлық үлгідегі, 64 (- 3) – жартылай стационарлық үлгідегі, 29 (- 1) – уақытша болу, 1– бірнеше шарттар бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйым бар.

Биылғы жылдың басында бұл ұйымдарда 37,4 мың адам (5,5% аз) тұрды немесе қызмет пайдаланды. Оның ішінде 17,7 мыңы – әйелдер (8,1% аз). Олардың ішінде 11,8 мыңы – жасына байланысты зейнеткерлер, 5,8 мыңы – жалғыз басты тұлғалар, 2 мыңға жуығы – белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғалар.

Сондай-ақ, бұл ұйымдарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 365 адам, 117тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны, 31 Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі тұрған және/немесе қамқорлық көрген. Тағы 771 адам ақылы негізде ұйымдардың қызметтерін пайдаланды.

ҚР өңірлері арасында 2020 жылдың соңында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ең көп ұйым Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Мұнда 43 ұйым бар. Одан кейін Қарағанды (32) және Қостанай (21) облыстары.

Олардың саны ең аз өңірлерге Ақтөбе және Маңғыстау облыстары (5 ұйымнан) және Шымкент (7 ұйым) жатады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда тұратындардың немесе қызмет көрсетілетіндердің саны ең көп облыс – ШҚО. Бұл өңірде 8,1 мың адам. Одан кейін Қостанай (3,4 мың адам) және Қарағанды (3,2 мың адам) облыстары тұр.

Серік Селеубайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу