Елімізде алғаш рет Еуропалық үлгідегі жол қауіпсіздік белгілері қойылды

1716

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін мұндай жол белгілері болашақта халықаралық дәліздер мен республикалық маңызы бар жолдарға орнатылады.

Елімізде алғаш рет Еуропалық үлгідегі жол қауіпсіздік белгілері қойылды

Жамбыл облысында елімізде алғаш рет күн сәулесінен қуат алып, түнгі мезгілде жанып тұратын жарық сигналдары (катафоттар) және "KAZAUTOZHOL" логотипі бар белгі беру бағандары орнатылды.

"Көліктердің қауіпсіз қозғалысын арттыру мақсатында Еуропалық үлгідегі жаңа белгілері Жамбыл өңіріндегі А2 Алматы-Ташкент-Термез автожолы "Тараз қаласы айналма жолы" учаскесінің 484 шақырымында, "Күйік асуын айналып өту" жолының 556 км, Нұрлыкент елді мекенінің тұсындағы 567 шақырымында (көліктердің кері бұрылу жерінде) қойылды",– делінген "ҚазАвтоЖол" таратқан хабарламада.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ болашақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін мұндай жол белгілерін халықаралық дәліздер мен республикалық маңызы бар жолдарға орнатуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу