Елімізде алғаш рет шахматтан республикалық олимпиада өтеді

727

Сайысқа 100 мыңнан астам оқушы қатысады. 

Елімізде алғаш рет шахматтан республикалық олимпиада өтеді Фото: ortcom.kz

Елімізде алғаш рет өтетін шахматтан республикалық олимпиаданың іріктеу ойындары 2-11 сынып оқушылары арасында жүреді. Олимпиада 10 қаңтарда еліміздің барлық өңірі мен мектебінде басталды, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.

Осындай іс-шаралар ұйымдастыру арқылы министрлік еліміздегі шахмат қозғалысына қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

"Президенттің қолдауымен "Мектептегі шахмат" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Шахмат факультатив ретінде 28 мыңға жуық балаға арналған 654 мектепте енгізілді. Сондай-ақ мектептерде шахмат секциясының саны 10 мыңнан асты. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл министр Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасымен оқушылар арасында шахматтан олимпиада өткізілгелі отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Бұл оқушылардың шахмат қозғалысына қызығушылығын оятуға септігін тигізеді. Бұл - мектеп, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұратын ауқымды турнир. Әр мектептің қатысқаны маңызды", – дейді Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу